Белгілі композитор-әнші Лұқпан Жолдасовтың анасы өмірден өтті. Бұл туралы композитордың өнердегі әріптестері әлеуметтік желіге жариялап, көңіл айтты.
Солардың бірі - танымал Сәкен Майғазиев.
"Лұқпан Жолдасовтай асыл азаматты, адал жанды дүниеге әкелген аяулы анамыз фәни дүниені тәрк етіп, бақиға аттанды. АЛЛА тағала өз мейіріміне бөлеп, жанын ЖӘННӘТта шалқытқай. Мына әсерлі сәттерді көріп, тебіреніп отырмын. Аналарымызды алақанымызға салып өтейік, жақсылар. Жолдасовтар әулетіне қайғырып көңіл айтамыз!" - деп жазды ол.
Мұны оқыған оқырмандар мен өзге де өнер адамдары көңіл айтып, отбасына сабыр тілеуде. Олар "Иманды болсын!", "Алла алдынан жарылқасын!", "Отбасы мен жақындарына сабыр тілейміз!" деп жазуда.
Бізде анасынан айырылған отбасына көңіл айтамыз!