Төреғали жеген етін көрсетіп, сынның астында қалды

0
1 921

«Әншілердің басты мақсаты тамағын түсіріп көрсету ме?!»


Төреғали жеген етін көрсетіп, сынның астында қалды

Танымал әнші, Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі инстаграмдағы фан-парақшасына: «Бүгін біздің үйде той. Аман жүргеніміздің өзі той» деп ет табақ тасыған видеосын жүктегені сол екен, оқырмандары оны сынның астына алды.



«Неге тамақтарыңды көрсете бересіңдер, тоймай өскенсіңдер-ау дим», «Түк көрмегендей ішкен-жегенін мақтан етіп не болды, басқа көрсететін нәрсең жоқ па? Одан да қайырымдылықпен неге айналыспайсың?!», «Бәріміз қонақжаймыз, бірақ мақтанбаймыз!» деген сияқты пікірлерді қарша боратуда.