​«Тым жеке тақырып...»: Ләйлә Сұлтанқызы екінші рет тұрмысқа шығуға қалай қарайтынын айтты

0
12 871

«Бірінші үйленсін, сосын үйренсін»


​«Тым жеке тақырып...»: Ләйлә Сұлтанқызы екінші рет тұрмысқа шығуға қалай қарайтынын айтты

Тележүргізуші, блогер, қоғам белсендісі Ләйлә Сұлтанқызы «Инстаграм» парақшасы арқылы оқырмандарының қойған сауалдарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.


«Тұрмысқа шығу ойыңызда жоқ па?», «Екінші рет күйеуге тиесіз бе?», «Жігітіңіз бар ма, жоқ па?» деп жатсыздар. Қыздар, жігіттер, біріншіден, бұндай сұрақ қою ұят, бұл өте ерсі. Тым жеке тақырып деп есептеймін. Екіншіден, менің ұлдарым жеткіншек, есейіп келе жатыр. Оларға мұндай сұрақ ұнамайды, маған да ұнамайды. Мен білмеймін, мұндай сұраққа не деп жауап берерімді де білмеймін. Себебі менің миымда мүлдем басқа проблема тұр. Үлкенімнің оқуы бар, екінші балам әлі мектепте үш жыл оқуы тиіс. Сондықтан мені дұрыс түсініңіздер, және енді мұндай сұрақ қоймауларыңызды сұраймын» деді Ләйлә Сұлтанқызы.


Тележүргізушіге оқырмандар «Екі балаңның қайсысымен бірге тұрасың, екі келініңмен бірге тұрасың ба?» деп те сұрақ қойған. «Екі келінмен мен тұрам ба? Әлде олар менімен тұра ма? Бірінші үйленсін, сосын үйренсін. Асханама, қазаныма. Сосын дамысын, оқысын, тоқысын!» деп жауап берді.


Еске сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы белгілі кәсіпкер, меценат Қайрат Боранбаевқа тұрмысқа шығып, екі ұл сүйді. Өкінішке қарай, жолдасы осыдан екі жыл бұрын өмірден өтті.