«Өзіңізді пәк сүйетін, азды-көпті жұмсақ аялайтын...»
ҚР Халық әншісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өзіне, қызы Мерейге арнап жазған хаттарын жария етті.
Қоғам қайраткері бұлар хаттарды 2002-жылдың желтоқсан айында, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында тілек ретінде жазып қалдырған екен.
«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, аса қымбатты да қадірлі қызымыз Мерей! Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті де бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар мамаң – Мақпал, папаң – Заманбек» делінген бірінші хатта.
Ал екіншісін сүйікті жары Мақпалға арнапты.
«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, ең сүйкімді де сүйікті қызым Мерейдің ең сұлу, ең көркем мамасыЖануля! Періште тәрізді, нәзік мінезді, тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы Жаңа 2003 жыл жанұямызға мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік. Өзіңізді пәк сүйетін, азды-көпті жұмсақ аялайтын, Құдай қосқан жарыңыз Закуша» - деп жазып қалдырған Заманбек Нұрқаділов.