​ҚАН ҚЫСЫМЫН түсіру үшін ҚАНША шыны КӨК ШАЙ ішу керек?

0
10 705

Белгіленген мөлшерден артық та, кем де ішпеңіз!


​ҚАН ҚЫСЫМЫН түсіру үшін ҚАНША шыны КӨК ШАЙ ішу керек?

фото: opt-aliexpress.ru

Көк шайдың ағзаға тигізетін пайдасы мол. Оның құрамында бағалы заттар өте көп. Соның арқасында антиоксидант ретінде жоғары бағаланады. Көк шайды жиі ішетіндердің терісі де таза, ағзасы да белсенді жұмыс істейді. Әсіресе суықтап ауырған кезде көк шай ішсеңіз, іштегі токсинді шығарып, зат алмасуды жақсартады әрі суыққа қарсы ем болады. Аталған сұйықтық ағзаға күш береді, бойдағы қорқынышты жеңеді, депрессиядан арылтады, ұйқыны реттейді. Сан түрлі дертке дауа болатын шайды мейлінше таңертең ішкеніңіз дұрыс.

Йод және фтор элементінің қайнар көзі саналатын көк шай несеп айдайтын, ісікті кетіретін, ағзадағы артық суды шығаратын, несеп жолдарындағы ауруды емдейтін қасиетке ие. Көк шайдың бір емес бірнеше дертке дауа болатынын білдік. Ал ең керемет дәрі ретінде қан қысымын реттеу үшін ұсыналады.

Қан қысымын қалпына түсіретін ең арзан әрі ең пайдалы ем – көк шай екенін біле жүріңіз. Сұйықтық жүрек пен қан тамырларының жұмысын жақсартады. Аз мөлшердегі шай қан қысымын түсіріп, тамырларды май басудан қорғайды.

фото: omtea.ru


Көк шай қан қысымын түсіре ме, көтере ме?

Көк шайдың қан қысымына тигізетін пайдасы туралы пікір екіге жарылады. Әсіресе әлем ғалымдары мұның даулы тақырып екенін жасырмайды. Сонымен көк шайды қай кезде ішу керек?

Түрлі минералдар мен дәрумендерге бай көк шайды қан қысымын қалпына келтіру үшін ішу керек. Жоғарыда айтқанымыздай, тек мөлшері мен уақытына мұқият болғаныңыз абзал.

Көк шай тамырдың серпімділігін арттырады, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Ал бұлар қан тамыры мен жүрек жұмысының кенеттен нашарлауының алдын алады. Егер сіздің қан қысымыңыз көтерілсе, 1 шыны көк шай ем болмайды. Тәулігіне 5 шыны шай ішу керектігін ұмытпаңыз.

фото: medovay.ru


Көк шай қай кезде зиян болады?

Ешқашан көк шайды көп ішуге болмайды. Әсіресе жүйке жүйесі сыр берген және қан қысымы жоғары жүретін адамдарға зияны мол. Күніне 6 шыны қантсыз көк шай жеткілікті болады.

Шайдың құрамындағы теин атты кофеин қобалжу туғызады. Сондықтан шайды ұйқыға жатар кезде ішуге болмайды. Әйтпесе өзіңізді жайсыз сезініп, ұйқысыздық ауруына шалдығасыз.

Ал құрамындағы полиферол бауырдың жұмысына кері әсер етеді. Белгіленген мөлшерден артығымен қабылдасаңыз, бастың сақинасы ұстайды әрі бас айналуы мүмкін. Оған қоса, сүйек те сырқырап ауырады.

Жалпы, көк шайдың пайдасын медицина жоққа шығармайды. Алайда күннің алғашқы жартысында белгіленген мөлшерді ғана ішу керектігін ескертеді.

Егер белгіленген мөлшерден артық ішіп қойсаңыз, асқазанның қышқылдығын арттырады. Сосын ешқашан ашқарынға ішпеңіз! Буыны ауыратындарға да көк шай ішуге болмайды.


Көк шайды жиі ішетіндер:

  • жүрек-қан тамыр ауруларымен;
  • кейбір онкологиялық аурулармен;
  • диабеттің II-ші түрімен;
  • көз ауруларымен АУЫРМАЙДЫ.


Дереккөз: el-klinika.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ДӘРІНІ мына СУСЫНМЕН ішсеңіз АУРУЫҢЫЗ асқынады


ТҰМАУҒА ем болатын ЕКІ әдісті БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ


ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады