"Ардақты аналар": Шымкентте қыздар ұйымымен кездесу өткізілді

0
1 212

Кездесудің мақсаты – еліміздің ар-ожданы, келбеті болып саналатын қыз балалардың орны қашанда жоғары екенін айшықтау.


Шымкент қаласы білім басқармасының №52 мектеп-лицейінде "Ардақты аналар" зейнеткер әжелермен "Сұлуға сүрме қажет емес" тақырыбында "Қыз Жібек" қыздар ұйымымен кездесу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл шараға Абай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Б.Хамитбекова және Абай ауданы әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы М.Туткишбаева қатысты.
Бұл шараның мақсаты – еліміздің ар-ожданы, келбеті болып саналатын қыз балалардың орны қашанда жоғары екенін айшықтап, қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында түсіндіріп, сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттердің қыз баланың бойына дарытып,, «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылатынын көрсете білу.
- Қызды жат – жұрттық бала, қыз- қонақ, оның көретін құрметі де әкесінің үйінде деп ерекше сыйлаған. Қыз үйге кіргенде ақсақалды қарт орнынан тұрып, төрден орын берген, бұл-қазақ дәстүрі. «Қыз баланың мынау тіршіліктегі міндет – парызының жүгі ауыр әрі ардақты, - деді Б.Хамитбекова
Іс шара соңында Абай ауданы әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы М.Туткишбаева: “Дамыған отыз елдің қатарына кіруді стратегиялық мақсат етіп алып, қарқындап дамып келе жатқан елімізде мінезге бай, ақылына көркі сай, тәрбиелі, білімді, қылықты қыздары күн санап көбейе берсін!” - деген тілекпен кездесуді аяқтады.