​Ауыл шаруашылығы саласында маман тапшы: Шымкентте фермерлер форумы өтті

0
1 681

Кадр жетіспеушілігі салдарынан аграрлар шетелден жұмыс күшін тартуға мәжбүр.


​Ауыл шаруашылығы саласында маман тапшы: Шымкентте фермерлер форумы өтті

ERNUR.KZ. Бүгін шымкент қаласында фермерлер форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы саласындағы маман тапшылығына байланысты бүгін Шымкентте фермерлер форумы өтіп, мәселелер жан-жақты талқыланды. Кадр жетіспеушілігі салдарынан аграрлар шетелден жұмыс күшін тартуға мәжбүр.

«Субсидияның әлегі, жайылымның жайы, маман тапшылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудағы қиындықтардың барлығы да ауыл шаруашылығы саласын артқа тартатын факторлар. Әсіресе, бәрін шешетін кадрдың жетіспеушілігі шаруаны шатқаяқтатып тұр. Агроном, зоотехник, мал дәрігерлері, механизаторды айтпағанда өңірде қарапайым малшылар тапшы екен. Бұл қашан да экономиканың локомотиві болған салаға маман даярлаудың әлі күнге жолға қойылмай келе жатқанын аңғартады», — дейді фермерлер.

Аграрлар бұл мәселені қазір шетелден жұмыс күшін тарту арқылы шешуде. Десе де, соңғы 2 жылда облыстың агроөнеркәсіптік өндірісінің даму қарқыны байқалып отыр деп сендіреді саладағылар. Жылдан-жылға қысқартылып отырған субсидия жүйесін алмастырып отырған жеңілдетілген шағын несиеге де шаруалар үлкен үміт артып отыр.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 60 мыңнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелерінен құралған 700 — ден аса ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстарда да облыс шаруалары өзгелерге үлгі.