“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен “Денсаулық бұрышы” акциясы өтуде.
Шара барысында қалалық емханалардың бейінді мамандары сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуде. Акция алғашқы күні “Студенттік емхана” дәрігерлерінің ОӘД сауда орталығында қабылдауымен басталды. Хирург, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.
“Денсаулық бұрышы” акциясы алдағы уақытта қаладағы бірқатар сауда орталықтарында жалғасатын болады.
Жалпы, МӘМС жүйесі төменде көрсетілген медициналық қызметтерді қамтиды:
* профилактикалық медициналық тексерулер;
* учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
* созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
* уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
* халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
* диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
* мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
* медициналық оңалту;
* стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен @tsum_shymkent ОӘД сауда орталығының басшылығына “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ Шымкент қаласы филиалы алғысын білдіреді.