Оның ата-анасы да Алғыс хатқа ие болды
фото: otyrar.kz
Шымкент қаласында Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.М. Жұмаханбетов өрттен сәбилерді аман алып қалған 13 жастағы Бақытжан Беркімбаевті марапаттады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевтың бұйрығымен Бақытжан Беркімбаевқа «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі және ата-анасына «Адам өмірін құтқаруда ерлік жасаған баласына үлгілі әрі өнегелі тәрбие бергенші үшін» Алғыс хаты табысталды.
Сонымен қатар, Е.М. Жумаханбетов өзінің және жеке құрамның атынан тәрбие берген ата-анасына және ұстаздарына алғыс білдіріп, Бақытжан өзінің ерлігінің, ер жүректігінің арқасында барлық құрдастарының арасында үлгі болғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Бақытжанға болашақта полиция мамандығын таңдаса, өз тарапынан қолдау көрсететіндігін жасырмады.
Еске сала кетейік, 16 ақпаны күні Шымкент қаласы, Құрсай мөлтек ауданындағы Жаңақұрылыс көшесінде орын алған өрттен 13 жастағы Бақытжан Беркімбаев 3 жастағы және 6 жастағы бүлдіршіндерді аман алып қалған.