Қалалық онкологиялық орталыққа заманауи ПЭТ аппараты орнатылады

0
2 447

Онкологиялық аурулардың пайда болуын ерте сатысында анықтап, науқастардың өмір жасын ұзартуға мүмкіндік береді.


Қалалық онкологиялық орталыққа заманауи ПЭТ аппараты орнатылады

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталыққа қатерлі ісікті ерте сатысында анықтайтын теңдесі жоқ құрылғы орнатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Заманауи позитронды-эмиссионды томография (ПЭТ) аппараты мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қолға алынған. Бұл жоба Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен «МедИнвестГруп Казахстан» ЖШС-і арасында түзілген келісімдерге сәйкес жүзеге асқан.

Бұл – онкологиялық науқастарды диагностикалау және емдеудің жаңа технологиялық әдісі. Көзге көрінбейтін және басқа да әдістермен байқалмайтын қатерлі ісіктерді табады және ағзаға жанама әсерсіз саналы емдейді. Онкологиялық аурулардың пайда болуын ерте сатысында анықтап, науқастардың өмір жасын ұзартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда бұл қондырғылар Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында ғана бар.
ПЭТ-орталықта жылына 3549 адам қатерлі ісік дерті көрсеткіштері бойынша тексеруден өтіп, ем қабылдай алады.

Инвестор аппаратты орналастыру, оны күтіп-ұстау, персоналды оқыту міндеттемелерін өз жауапкершілігіне алып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл қадам Шымкенттің келешекте аймақтағы ірі медициналық орталық ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Айта кету керек, аталған жоба кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі арқылы іске асады.