Әлемде бірде-бір елдің ұлттық валютасы қатарынан үш марапатқа ие болған жоқ.
Қазақстандық теңгенің 20-дан астам қорғаныш элементі бар. Сондықтан ол әлемдегі ең қорғалған валюталардың қатарына жатады.
Әлемде бірде-бір елдің ұлттық валютасы қатарынан үш марапатқа ие болған жоқ. Халықаралық банкноттар қауымдастығының «2011 жылдың үздік банкноты» деп аталатын бірінші наградасы 2012 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік естелік банкнотына берілді.
Келесі жылы да бірінші награданы ҚР Ұлттық Банкі алды, «Қазақ Елі» сериясындағы номиналы 5 000 теңгелік банкнот «2012 жылдың үздік банкноты» деген екінші наградаға ие болды. Қазылар алқасы купюраның дизайына, оның идеологиясына және қорғаныш деңгейіне ерекше назар аударды.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық банкноттар қауымдастығы - 90-нан астам елдің сарапшылары мүше болып табылатын әлемнің әртүрлі елдерінің банкноттарын жинаушылар одағы. Олар әлемдік банкноттардың дизайнын, форматын және басқа элементтерін зерттеумен айналысады.
2014 жылы ҚР Ұлттық Банкі тағы да «Жылдың үздік банкноты» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Ол «Күлтегін» түркі жазуына арналған номиналы 1 000 теңгелік естелік банкнотқа берілді.