Кез келген тұрғын «E-TUTYNUSHY.KZ» платформасы арқылы өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады

0
280

«E-tutynushy» - өтініш форматында пайдаланушылар мен ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесуге арналған ақпараттық жүйе.


Кез келген тұрғын «E-TUTYNUSHY.KZ» платформасы арқылы өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары О.Әбиев айтты.


Пайдаланушылар мен кәсіпкерлік субъектілері платформаға тіркелуінің маңыздылығын және пайдаланушылар мен ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесуіне оң әсерін тигізуіне ықпал жасайды.

Платформаға тоқталатын болсақ, бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы елдегі ең проблемалы бағыттардың бірі болып табылады. Оның негізгі себебі: азаматтардың өз құқықтары мен заңдарын білмеуі, тараптардың жанжалдарды шешудегі қиындықтары, тұтынушылардың дауларды шешудегі әрекеттер алгоритмін білмеуі. Саланың оң жұмыс істеуіне жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

«E-tutynushy» тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі. Сонымен қатар тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, оларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейлерінде жүйелеуге және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

«E-tutynushy» - өтініш форматында пайдаланушылар мен ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесуге арналған ақпараттық жүйе.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өздеріне қатысты тұтынушылардың өтініштері мен шағымдары келіп түскен сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттың жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысы заңнама нормаларын түсіндіруге және өтініштерді қысқа мерзімде қарауға бағытталған. Ұялы телефон немесе компьютер арқылы кез келген тұрғын «e-tutynushy.kz» платформасы арқылы өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады.