"Лайықты ұрпақ тәрбиелейік": Шымкентте жастармен кездесу өткізілді

0
572

Түсіндіру жұмыстары " М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар" колледжінде өтті.


Шымкент қаласында "Лайықты ұрпақ тәрбиелейік" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен өткен жиынға Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметкерлері, аудан прокуратурасының, ардагерлер кеңесінің, қалалық психикалық орталығының жауапты қызметкерлері, аудандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты:

- Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жүмыстарын жүргізу;

- Нашақорлықтың, суицидтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- Кереағар діни ағымдар мен секталардыц іс- әрекеттердің алдын алуда түсіндіру жүмыстарын жүргізу;

- Адам саудасының алдын алу бойынша түсіндіру жүмыстарын жүргізу.

Түсіндіру жұмыстары " М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар" колледжінде өтті.