Мегаполис тұрғындарының назарына: қала әкімінің есеп беретін күні белгілі болды

0
1 170

Мегаполис басшысы 14 ақпан күні халық алдында есеп береді.


Мегаполис тұрғындарының назарына: қала әкімінің есеп беретін күні белгілі болды

2020 жылғы 14 ақпанда сағат 11.00-де Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10/2, «Түркістан» сарайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады.

Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды поштасына жазып жіберулеріңізге болатынын хабарлаймыз.