Бұл фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақында мармелад өндірісінің жаңа желісін іске қосқан «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Онда Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, фабриканың қала өнеркәсібін дамытуда айрықша үлесі бар екенін атап өтті.
Бұл жоба барысында Қазақстандағы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетіне 1,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қоса, жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 миллион теңге субсидия төленген. Жаңа желінің ашылуының арқасында 80 азамат жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады.