Мұрат Дүйсенбекұлы аталмыш шаралардың барлығы тек сақтық үшін жасалынып жатқанын мәлімдеді.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша қала аумағында орналасқан ірі сауда орталықтары мен базар иелерімен және әуежай мен теміржол, автовокзал басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиында қала басшысы халық арасында таралып жатқан азық-түлік тапшылығы туралы ақпараттың негіссіз екенін айтып, кәсіпкерлерге тұрғындарды үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке жүгінуге шақыруды айтты. Сондай-ақ, әкім Шымкент қаласында азық-түлік қорының жеткілікті екенін баса айтты.
Мұрат Дүйсенбекұлы аталмыш шаралардың барлығы тек сақтық үшін жасалынып жатқанын мәлімдеді.
Қала әкімі көпшілікті жұмыла жұмыс істеуге шақырып, сауда орталықтары мен базарларда және автовокзал, әуежай мен теміржол вокзалдарында санитарлық тазалықтың қатаң сақталуына баса назар аударуды және азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеуді тапсырды.