«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов кезекті рет Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовпен кездесті.
иллюстрациялық фото
«Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінін басшысы Рафаэль Гасанов Шымкент қаласы Полиция департаментінің жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 4-маусымында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов кезекті рет Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовпен кездесті.
Бұл жолы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов Рафаэль Гасановқа Жедел басқару орталығының жұмысымен таныстырды. Күніне тұрғындардың 1000-нан астам қоңырауларына жауап беру және қала аумағында орнатылған бейнебақылау камераларымен анықталған құқық бұзушылықтарға ден қою мақсатында кешенді күштердің үйлесімділігін және өзара әрекеттесуін көрсетті. Аталған орталықтың жұмысын жетілдіру мақсатында жаңа технологияларды енгізу бойынша екі тараптан бірқатар ұсыныстар айтылды.
«Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Рафаэль Гасанов заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен республикалық арнайы мониторинг топтың жұмысын таныстырды. Әлеуметтік желіде тұрғындармен кері байланыс жоғары деңгейде орнатып, адамдардың мұң-мұқтажына назар аударып, шешім жедел және кәсіби қабылданып жатқанын атап кетті. Департаменттің жұмысын жоғары бағалады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов жеке құрамның қатарын тексеріп, сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар жүргізуде. «Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында апта сайын жеке қабылдау, әлеуметтік желісінде менің, орынбасарларымның және департаменттің ресми парақшалары жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап «Whatsapp» желісінде құрылған «жедел әрекет ету тобы» чаты нәтижесін көрсетіп жатыр. Күнделікті келіп түскен хабарламаларға тиісті шешімдер қабылдануда», - деді полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов.
Кездесу соңында Рафаэль Гасанов алдағы уақытта жиі кездесіп, пікір алмасып тұратынын жеткізді.