2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарлануда.
Шымкент қаласы Абай ауданында мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында “Жайлы мектеп Ұлттық жобасы” аясында 10 мектеп салу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов брифинг барысында мәлімдеді.
Ал, 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарлануда.
Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі білім беру жүйесін әрі қарай дамыту мен өзекті мәселелерді нақты шешуді көздейтін бірлескен құжатқа қол қойды.
Қала әкімдігі мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 24 200 орынға дейін арттыру, 26 мектепке дейінгі мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың материалдық-техникалық базасын 100% жаңартуды жоспарлап отыр. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту саласының 7000-нан астам педагогі біліктілігін арттыру курстарынан, ал 1500-ден астам педагог қайта даярлаудан өтеді.
Кейінгі үш жылда 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 38 мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынады. Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі.