Бұдан бөлек әкім «Жаңаталап» тұрғын алабында салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысымен танысты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Нұршуақ» және «Жұлдыз» шағынаудандарында салынып жатқан заманауи мектептердің құрылысында болып, жұмысын тексерді.
Бұл оқу орындары пайдалануға беруге дайын. Ал үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында сабақ оқу жылының екінші тоқсанынан басталады. Жұмыс барысымен танысқан әкім мердігерлерге бірқатар ескертулер жасады және оны қысқа мерзім ішінде жою бойынша тапсырма берілді.
Еске салсақ, бұған дейін шаһар басшысы «Жұлдыз» тұрғын алабындағы жайлы мектептің құрылыс жұмыстарын және 17-ші шағынаудандағы «Фосфорник» мәдениет үйін сүру мен саябақты кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да бақылаған болатын. «Бозарық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен және Тұран ауданындағы Қ.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп ғимаратының қазіргі жағдайымен танысып қайтқан еді.