Шымкент әкімі мектеп салу мәселесіне жеке инвесторлар тартуды жүктеді

0
1 613

Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жайында мәселелер көтерілді.


Шымкент әкімі мектеп салу мәселесіне жеке инвесторлар тартуды жүктеді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Е.Айтахановтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақпараттық мәжілісте мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы баяндаған қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мулкеманов аталмыш жобаларды жоспарлау және іске асыру функциясы Шымкент республикалық қалалар санатына жатқызылуына байланысты берілгенін жеткізді.

Сондай-ақ, қала әкімі бұл мәселелер бойынша жұмыла жұмыс істеу керегін қадап айтты.

«Мәселен, мектеп құрылысын салуда тапсырыс беруші білім басқармасы болса да оның қай деңгейде салынып жатқанын құрылыс басқармасы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары назарда ұстау керек. Себебі, әр істің басында өз маманы тұрса ғана жемісті нәтиже болады», - деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, жиынды қорытындылаған Е.Айтаханов тиісті сала басшыларына тұрғын үйлер мен мектептер салу мәселесінде бюджетке ауыртпалық салмай жеке инвесторлар тартуды жүктеді.