ШЫМКЕНТ: Әкімшілік іскерлік орталығындағы өрт сөндіру депосы тамызда аяқталады

0
596

Құрылыс алаңына 80 жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған.


ШЫМКЕНТ: Әкімшілік іскерлік орталығындағы өрт сөндіру депосы тамызда аяқталады

Қала әкімі М. Әйтенов 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысып, сапасын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде қала аумағында бірқатар өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі - Әкімшілік іскерлік орталығынан бой көтеруде.

Жоспарға сәйкес, орталық әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Нысанның құрылысы биыл тамыз айында аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Қазір монтаждау және ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары мен абаттандыру құрылысы 80 пайызға аяқталған. Құрылыс алаңына 80 жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған.
Аралау барысында қала әкімі жауаптыларға ғимараттың тиісті талаптарға сай жабдықталуын бақылауды, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, Тұран шағын ауданында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің және Қайнар-бұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағының құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр. Ал 2025 жылы Солтүстік-Саяжай тұрғын алабында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені салынатын болады.

Шымкент қаласында маңызды құрылыс нысандарының жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Еске сала кетсек, құрылыс жобасына 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, мәдениет және 7 білім беру нысандары, 3 төтенше жағдай кешені, 4 спорт кешені, 2 саябақ енгізілді. Биыл жартыжылдықта 41,5 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты тұрғын үй, 3 білім, 2 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, 70 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.

Сонымен қатар, бірнеше қойманың да құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистегі құрылыс нысандарының жұмыстарымен жіті танысып, уақытында және сапалы атқарылуын қадағалауда.