Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Ерсұлтан Мұзаппаровпен және грек-рим күресі бойынша әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, еліміздің түрлі турнирлерінің жеңімпазы Әлімхан Сыздықовпен кездесті.
«Халықаралық турнирлердегі мұндай жеңістер жас спортшыларды жігерлендіріп, жоғары нәтижеге жетуге ынталандырады. Біз алдағы уақытта өз тарапымыздан спорт саласын дамытуға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз», - деді қала басшысы.
Айта кету керек, қазақстандық балуандардың әлемдік аренадағы жетістігі үнемі спорт қауымдастығы мен жанкүйерлердің назарын аударып келеді. Олардың жеңісті өнер көрсетуі отандық спортшылардың жоғары деңгейдегі дайындығының айқын дәлелі.