ШЫМКЕНТ: қала әкімі жауаптыларға тұрғындардың талап-тілегін тез арада шешуді тапсырды

0
360

«Жайлы» мектептің құрылысымен танысқан әкім мердігер ұйымға жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды міндеттеді.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі жауаптыларға тұрғындардың талап-тілегін тез арада шешуді тапсырды

Шымкент қаласының әкімі жыл басынан бері бірқатар нысандарды аралап, тұрғындармен арнайы кездесіп жүр. Кезекті тұрғындармен кездесу - "Бозарық" шағынауданында жалғасын тапты.

Онда елдімекеннің орналасу жоспарына өзгерістер енгізу, шалғай көшелерге табиғи газ бен кәріз жүйесін жүргізу мәселелері талқыланды.

Әкім Абай ауданындағы «Қамқорлық» №8 балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да барды. Орталықтың жағдайын тексеріп, қызмет алатын балалардың ата-аналары үшін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
«Нұршуақ» шағынауданындағы «жайлы» мектептің құрылысымен танысқан әкім мердігер ұйымға жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды міндеттеді.
Сондай-ақ, «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы көкөніс пен жемістерді өңдеп, консерві шығаратын кәсіпорынға барып, тауарларды сатуға қолдау көрсету қажеттігін айтты.
Ал «Қызылжар» шағынауданының тұрғындары әкімге табиғи газ, ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Инфрақұрылымдық жұмыстарды жеделдету тапсырылды.
Аралау барысында әкім «Ақтас» шағынауданындағы қаңғыбас жануарларға арналған орталықты тексеріп, жануарларды ұстау ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Еске салсақ, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков жүйелі түрде халықпен кездесуді қолға алған. Ол үшін арнайы көшпелі кездесу ұйымдастырып, тұрғындарың өтініші мен көтерген мәселелерін өз ауыздарынан тікелей естіп, уақытында тиістілерге тапсырма беруде.

Бөлісу