ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің орынбасары кезекті рет тұрғындарды қабылдады

0
448

Тұрғындарды баспана, әлеуметтік мәселелермен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары толғандырады.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің орынбасары кезекті рет тұрғындарды қабылдады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков онлайн режимде кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғындарды баспана, әлеуметтік мәселелермен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары толғандырады.

Мәселен, осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын жекешелендіру құқығымен кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға берілген Ә. Молдағұлова көшесі бойындағы № 44 үй тұрғыны шатырды жөндеп беру өтінішін жеткізді. Алайда, бүгінде тұрғындардың 70 пайызы пәтерлерін өз аттарына жекешелендіріп алған. Оған сәйкес, өз меншік иелеріндегі жөндеу жұмыстарын өздері жүргізулері қажет.
Қала әкімінің орынбасары қыста халық қиналмасы үшін жауапты сала мамандарына жағдайды толық зерделеп, қаражаты қайтарымды негізде модернизациялау жұмысының жобасын қарастыруды тапсырды. Тұрғындар бірауыздан үй төрайымын сайлаулары қажет. Жалпы, қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, биыл шаһарда коммуналдық меншіктегі 11 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Қабылдау барысында пәтер иелеріне «Мүлік иелерінің бірлестігі» немесе «Жәй серіктестік» құру қажеттігі түсіндірілді. Үйді басқарудың жаңа формасы бірқатар артықшылыққа ие. Бірінші кезекте бұл көппәтерлі үйлердегі ортақ мүлікті пайдалануға бөгде ұйымдардың емес, меншік иелерінің өздері жауап беретіндігімен ерекше.
Қазірдің өзінде Шымкент қаласында 113 «Мүлік иелерінің бірлестігі» мен 773 «Жәй серіктестік» құрылып, тіркелген. Тұрғындары кезек күттірмейтін шатыр, лифт немесе жертөлені жөндеу жұмыстарына ай сайын жинайтын қаражаттарын жұмсай алады.