Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

0
1 291


Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы лауазымына Айгерім Әбдіохапқызы Жұмағұлова тағайындалды.

Айгерім Әбдіохапқызы 1991 жылы 1 ақпанда Шымкент қаласында туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - аймақтану, ғылыми азаматтық-құқықтық қызмет.

Еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникациялар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мониторинг қызметінің жетекші эксперті болып бастаған.
2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас эксперті;
2015-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы;
2021-2023 жылдары VII шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты;
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін «Редакция РАБАТа» ЖШС директоры, «DATA» ЖШС директоры, «Собкор» ЖШС директоры лауазымында қызмет атқарды.
Бөлісу