Шымкент: Кезекте тұрғандар қандай баспана алуға құқылы

0
932

Ал жағдайы төмен арнайы санаттағы үй кезегіндегі азаматтар қандай бағдарламаға жүгінеді?


Шымкент: Кезекте тұрғандар қандай баспана алуға құқылы

Үй кезегінде тұрғандарға баспана алудың қандай мүмкіндіктері бар? Бул туралы Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бөлім басшысы Гүлнәр Әшірбаева айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- "Карантин режимінен кейін, "Бақытты Отбасы" бағдарламасы аясында үй кезегіндегі азаматтар өзі қалаған баспананы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы ала алады"- дейді Гүлнәр Құдайбергенқызы.

Оның шарттары төмендегідей:

"Бақытты отбасы" табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына үй кезегінде тұрған,
-көпбалалы отбасы;
-толық емес отбасы;
-мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар ғана қатыса алады.
"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысу үшін баспанаға мұқтаж отбасы ретінде әкімдікте кезекте тұруыңыз шарт.
Бұдан бөлек, өз атыңызда және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтың бірі - "Үй кезегінде тұрмағам. Бірақ 7-20-25 бағдарламасы арқылы үй ала алам ба?

-Иə, үй кезегінде тұрмаған азаматтар да ала алады. Тек жаңа үйлерден құны 25 млн теңгеден аспауы қажет, - деді Гүлнар Құдайбергенқызы.

Ал жағдайы төмен арнайы санаттағы үй кезегіндегі азаматтар қандай бағдарламаға жүгінеді?
-"Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың" бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіліп, алғашқы əлеуметтік əлсіз топтағы азаматтар жалға берілетін баспанаға үміткер болады. Оған қоса кредиттік жүйемен "Бақытты Отбасы" арқылы да алатындығын айтты басқарманың бөлім басшысы.