Қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 метр асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.
Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 1 кезеңі (Түркістан көшесінен «Ескі қалашық» аумағына дейін) бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нысанның жалпы ұзындығы – 580 метр. Қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 метр асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта құрылыс белдеуінде тұрған 2 жекеменшік үй мемлекет мұқтажына алынды. Қалған 180 метр құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.
Айта кетсек, бүгінде құрылыс жұмыстарының 89%-ы орындалды.