ШЫМКЕНТ: коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

0
145


ШЫМКЕНТ: коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

2024 жылдың басынан Шымкент қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы тұрақты.

Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Биылғы жыл басынан бүгінгі күнге дейін қалада коронавирустық инфекция ауруының 74 жағдайы тіркелді, оның барлығы симптоммен. 2023 жылдың осы мезгілінде 386 жағдай тіркелген, аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда 5,21 есеге төмендеген. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 19 жағдай тіркелді (25,7%).
Коронавирустық инфекция (COVID-19) жедел респираторлық вирустық инфекциялар тобына жатады. Инфекцияның қоздырғышы – коронавирустар.
Инфекция көзі аурудың клиникалық көріністері бар науқастар және аурудың жасырын түрлері мен симптомсыз вирус тасымалдаушылары болып табылады. Аурудың алғашқы күндері жұғу қауіптілігі өте жоғары.
Коронавирус негізінен ауа-тамшы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, жақын қашықтықта сөйлесу) және қарым-қатынас арқылы (қол алысу кезінде және басқа ластанған беттер мен заттар) беріледі.
Ауруға шалдыққан науқастарда жиі кездесетін коронавирустың негізгі клиникалық белгілері: жоғарғы температура, жөтел, ентігу, әлсіздік, кеуде қуысының ауырсынуы.
Пациенттердің 80%-да ауру жеңіл түрде жүреді, ең ауыр түрлері егде жастағы науқастарда (60 жас және одан жоғары) дамиды. Ауырған науқастар арасында қант диабеті, артериялық гипертензия және жүрек-қан тамыр аурулары қосалқы түрде жиі кездеседі.
Қант диабеті, семіздік, 65 жастан асқан қарттар, АИТВ иммунтапшылығы жағдайының болуы, онкологиялық аурулар, созылмалы жүрек және өкпе аурулары бар адамдар қауіп тобына кіреді. Сонымен қатар, қауіп тобына медицина қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық көлік қызметкерлері, сауда және қоғамдық тамақтану нысандарында жұмыс жасайтын адамдар кіреді, көптеген адамдармен тығыз байланыста болуы себебінен оларда коронавирустық инфекцияның ауыр ағымында өту қаупі артады.
Инфекцияның алдын алудың негізі іс-шаралары:
- жеке гигиена ережелерін сақтау қажет: қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялық заттарды, бір рет қолданылатын майлықтарды қолдану, бөлмелерде үнемі дымқыл тазалау жүргізу;
- бір реттік медициналық бетперделерді қолдану, оны әр 2 сағат сайын және ластанған кезде ауыстырып отыру.
ЖРВИ клиникалық симптомдары пайда болған жағдайда инфекцияның асқынуы мен таралуының алдын алу мақсатында тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.
Бөлісу