Шымкент: ОҚМА студенттері ауруханаларда тәжірбиеден өтеді

0
2 492

Академия студенттері болашақта қаладағы емдеу мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.


Шымкент: ОҚМА студенттері ауруханаларда тәжірбиеден өтеді

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен №1 қалалық клиникалық аурухасы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді Шымкентте медицина академиясының студенттері қаладағы ауруханаларда тәжірбиеден өтіп, біліктілігін шыңдай алады.

Академия студенттері болашақта қаладағы емдеу мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алмақ. Осы тарапта қалалық денсаулық сақтау басқармасы жас түлектерге қолдау білдіретіндігін жеткізді. Тіпті тәжірбиесін шыңдап жүрген болашақ дәрігерлер қажеттілікке байланысты ауруханадағы медициналық қызметкерлермен бірге емдеу ісінеқатыса алады.

Сондай-ақ екі жақты келісім аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кафедрасындағы профессорлық оқытушы құрам№1 қалалық клиникалық аурухана мамандарымен бірігіп, ауыр халдегі науқастарды емдеу үшін бірігіпконсилиум өткізетін болады.

Ең бастысы келісімі негізінде біліктілігі жоғары мамандар даярлауға басымдық беріледі.