Шымкент полициясы халықтың ашуын келтірген "супер танк" иесін тауып алды

0
1 551

Полиция халықтың наразылығын тудырған "шымкенттік танкистің" кім екенін анықтады


Шымкент полициясы халықтың ашуын келтірген

ERNUR.KZ. Шымкент полициясы елдің сынына ұшыраған "танкистпен" әңгімелесіп, тәртіпке шақырды, деп жазады sputniknews.kz.

Тәртіп сақшылары Жеңіс күні құрметіне танкке келтіріліп безендірілген автокөлік жүргізушісінің кім екенін анықтаған. Бұдан бұрын ерекше "танктың" видеосы Instagram желісінде жарияланған болатын.

Шымкент халқының басым көпшілігі жігіттің бұл қылығын қатты сынға алды. Темір тұлпар иесінің айтуынша, жол жүру ережесін бұзамын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмепті.

"Полиция қызметкерлерінің жұмысына рахмет. Менімен әңгімелесу үшін полиция бөлімшесіне шақырып, жолда мұндай әрекет жасауға болмайтынын түсіндірді. Артынша қоя берді", - деп "шымкенттік танкист" полицейлерге алғысын жеткізді.

Сонымен бірге, ол Шымкент халқынан өрескел қылығы үшін кешірім сұрады.