ШЫМКЕНТ: Студенттер ұстаздарына 500-ден 100 мың теңгеге дейін ақша берген

0
1 739

Шымкент – адалдық алаңы «Саналы ұрпақ» жобасы аясында Шымкенттің жоғарғы оқу орындарында студент және оқытушы-профессорлардан жасырын сауалнама жүргізілген.


ШЫМКЕНТ: Студенттер ұстаздарына 500-ден 100 мың теңгеге дейін ақша берген

Шымкенттік студенттер мұғалімдерге ақшалай қаражат, А4 форматындағы қағаз және файлдар бергендігі анықталды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев өткізген брифинг барысында мәлім болды.

Оның айтуынша «Саналы ұрпақ» жобасы аясында қаладағы 9 университеттің 1700-ге жуық студент және оқытушы-профессорлардан сауалнама алынды. Жасырын сауалнаманың нәтижесі бойынша, университет студенттері мұғалімдерге 500-ден 100 000 теңгеге дейін ақшалай қаражат, сондай-ақ A4 қағаздары мен файлдар бергендігі анықталды.

Өткізілген сауалнама нәтижелері бойынша білім беру қызметтеріне Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясының студенттерінің 22%-ы, Silkway Халықаралық Университеті 19%, Академик А.Қуатбеков респонденттердің 11%, Шымкент университеті респонденттердің 18%, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті респонденттердің 5% ақша бергендігі мәлім болды.

Сауалнама барысында әртүрлі университеттердің студенттерінің жауаптары бойынша ақшалай қаражат алған 9 мұғалімнің аты-жөні анықталып, жорғарғы оқу орнын нәтижесімен таныстырған. Осыған сәйкес, анықталған тұлғаларға тиісті шаралар қолданылып, 4 оқытушы лауазымынан босатылыпты. Қалған 5-не сөгіс берілген.