ШЫМКЕНТ: Су тасқыны Қарабастау елді мекеніне де жеткен

0
1 318

112 кезекшілік қызметіне тұрғындардан су басу қаупіне байланысты 28 қонырау түскен.


ШЫМКЕНТ: Су тасқыны Қарабастау елді мекеніне де жеткен

14 мамыр күні сағат 01.14-те Еңбекші ауданының, Откорм.совхозының Гаухар тас көшесінде қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің суы тасыған болатын. Жағалаудың бұзылуы салдарынан 2 тұрғын үйдің құлауына қауіп төндірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, Бадам өзенінің жағасында орналасқан Қарабастау елді мекеніндегі Саяжай көшесіндегі үйлерінде де су тасқыны орын алып, жалпы 13 азамат көшірілген.

Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді.

- Департамент қызметкерлерінің көмегімен қауіп төніп тұрған 2 үйдің 17 тұрғыны №84 орта мектебіне эвакуацияланды. Қаза тапқандар және жарақаттанғандар жоқ. Осындай жағдай, Бадам өзенінің жағасында орналасқан Қарабастау елді мекеніндегі Саяжай көшесіндегі үйлерінде де орын алып, жалпы 13 азамат көшірілді, оның ішінде 6 бала бар. Жалпы төтенше жағдай салдарын жоюға департаменттің 133 қызметкері мен 14 дана техника, 19 дана МП-100 мотопомпалар жұмылдырылды. Одан бөлек, коммуналдық қызметтен 46 қызметкер, 31 дана техника, Ұлтық Ұлан 100 қызметекері және 4 дана техника тартылды, - деді Н.Дербісов.

Айта кетерлігі, 112 кезекшілік қызметіне тұрғындардан су басу қаупіне байланысты 28 қонырау түскен. Барлығын да шұғыл түрде қызметкерлер назарға алып, 973 текше метр су сорылған. Жалпы 97 адам жеке құрам, 23 техника жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, КазГидроМет орталығының мәліметтеріне сәйкес, жауын-шашын апта соңына дейін жалғасады. Бұл ретте Департаментте тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы штаб құрылған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі анықталуда, барлық жағдай тұрақты бақылауға алынған.