Шымкент: Теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды пойыз қағып кетті

0
93

Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм 30-35 жаста.


Шымкент: Теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды пойыз қағып кетті

ERNUR.KZ Шымкентте пойыз теміржолдың тыйым салынған тұсынан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, деп жазады Otyrar.kz.


Қайғылы оқиға Измайлов пен Жангелдин көшелерінің аралығында 21 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында болды. Оқиғаның себебі мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.


Пойыз қатты жылдамдыққа енді қосыла бастаған, бірақ машинист оны тоқтатып үлгермеді. Жарақаттар тым ауыр болды, сондықтан ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм 30-35 жаста.