ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасы артқан

0
313

Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 95,5% сапалы ауыз сумен қамтылған.


ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасы артқан

Шымкент қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұран ауданының 2024 жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Аудан әкімі Әшірбеков Берік Айдарұлы БАҚ өкілдеріне Тұран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндап берді.

Аудан әкімінің сөзінше, Тұран ауданы жалпы 21 шағын ауданнан тұрады, халық саны 220,7 мың адам, 36 300,0 га жер көлемін құрайды. Сондай-ақ ауданда 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар.

Әшірбеков Берік Айдарұлының мәліметінше, Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 95,5% сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы 100% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, 85,7% табиғи газбен қамтылса, 95,2% электр қуатымен қамтылған. 2026 жылы табиғи газбен – 100%, 2025 жылы – 100% сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1% құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу жоспарға қойылған.
2024 жылы Тұран ауданындағы 42 көшеге, 34,8 шақырым жол салу жоспарланған. Атап айтқанда:
Жаңаталап шағын ауданы – 5 көше;
Арғымақ шағын ауданы – 4 көше;
Ақжар шағын ауданы – 4 көше;
Агро фирма қарасу – 11 көше;
Құрсай шағын ауданы – 12 көше;
Наурыз шағын ауданы – 4 көше;
Қазығұрт шағын ауданы – 1 көше;
Орталық аумақ Кремл көшесі – 1 көше;
Нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2% -дан 87,4 % жететін болады. Бүгінгі күнге 16 көшеге асфальт төселген.

Сонымен қатар, 2024 жылы барлығы 36 көшеге аяқжол салу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 14 көшенің құрылысы аяқталды, қалған 8 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ал қалған 14 көшенің құрылысы басталады.

Сондай-ақ, Тұран ауданында 2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 80 көше жарықтандырылды.
Сондай-ақ, 2024 жылға 30 балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда, жұмыс барысында – 9 нысан, аяқталғаны – 2 нысан, 19 нысанға конкурс өткізілуде.
Сонымен қатар, 2024 жылы аудан аумағында демеушілер тарапынан Түркістан ш/а Айқап көшесіне балалар ойын алаңшасын және Рысқұлбеков көшесіне тренажерлық алаңша орнатылған.

Балаларды қорғау күніне орай Қажымұқан стансасынан Дендросаябақ аралығына дейін жүріп өтетін ұзындығы 6 шақырымға жуық «Тұлпар» балалар темір жолының орнына веложол салынды. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы баспалдақ жасалды.

Ауданда 2024 жылы аудан аумағында демеушілер тарапынан 2 демалыс аумақтары (аллея, сквер) тұрғындар игілігіне берілді: желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал), Мадлен мейрамханасы аумағында (Шымкент қонақ үйі).

2024 жылы аудан аумағындағы 30 көшеге 1170 қоқыс жәшігін орнату жұмысы жүргізілуде. Қазіргі таңда, 780 қоқыс жәшігі Қонаев, Бәйдібек би, Бәйтереков, Адырбеков, Дулати, Қазыбек би, Мангелдин, Асқаров көшелеріне орнатылған. Бұдан бөлек, биылғы жылы 2 көп қабатты үй күрделі жөндеуден өтіп, 5 үйдің жедел сатысы ауысады.

Бөлісу