​ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында жаңа ХҚКО іске қосылды

0
412

Шымкент қаласында жаңа Тұран ауданы құрылуына байланысты жаңа ХҚКО ашу қажеттілігі туындауының мәселесі шешілді.


​ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында жаңа ХҚКО іске қосылды

Шымкент қаласының Тұран ауданында жаңа цифрлық ХҚКО қызмет көрсете бастады. Бұл – мегаполистегі халыққа қызмет көрсететін сегізінші орталық. Мұнда аудан тұрғындарына 1200-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласында жаңа Тұран ауданы құрылуына байланысты жаңа ХҚКО ашу қажеттілігі туындады. Цифрлық кеңсе заманауи құрылғылармен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген: ресепшн, дайын құжаттарды беру, жылдам қызмет көрсету аймағы, өзіне өзі қызмет көрсету, eOtinish арқылы өтініш беруге арналған орын және басқа да аймақтар.
«Бұған дейін Тұран ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу үшін басқа аудандардың ХҚКО-ларына баруға мәжбүр болған. Енді өз ауданына тиесілі орталыққа бара алады. Сонымен қатар, жаңа ХҚКО-ны ашу басқа да бөлімдердегі жұмыс көлемін азайтуға, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа орталықта 32 маман жұмыс істейді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Айнұр Тобаева.
Айта кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта 8 халыққа қызмет көрсету орталығы бар, оның ішінде 4 мамандандырылған ХҚКО және бір көші-қон қызметтерін көрсету орталығы жұмыс істейді. Барлық орталықта көлік тұрағы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шақырту қоңыраулары мен жайлы пандустар қарастырылған.
Анықтама үшін:
Тұран аудандық ХҚКО Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, 1 "Г" мекенжайында орналасқан.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз.
Бөлісу