ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін несиелік баспанаға өтінімдер қабылданады

0
818

Өтінімдерді қабылдау 13 тамыз күні сағат 10:00-ден 23 тамыз сағат 23:00 аралығында жүргізіледі.


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін несиелік баспанаға өтінімдер қабылданады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты арқылы несиелік баспанаға өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша тікелей сатылым Отбасы банктің жаңа порталы baspana.otbasybank.кz сайтында жүргізілмек. Өтініштер тек тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан қабылданады. Аталған бағыт бойынша алғашқы жарна пәтер құнының 10% құрайды, несие жылдық сыйақысы 5%-бен беріледі. Баспана құнының 1 шаршы метрі 200 000 теңгені құрайды.
Айта кету керек, аталған бағыт бойынша ағымдағы жылы 27 тұрғын үйлердегі пәтерлерді сату үшін «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан 3 кезеңмен өтінімдер қабылдаған болатын.