ШЫМКЕНТ: жаңа жолаушылар терминалы көп мүмкіндікке жол ашады

0
246


ШЫМКЕНТ: жаңа жолаушылар терминалы көп мүмкіндікке жол ашады

Статистикаға сәйкес, Шымкент қаласы автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.

Жалпы, қала аумағындағы аялдама орындары – 1886 құрайды. Павильондармен қамтамасыз етілгені – 1338, оның ескі үлгідегі аялдама саны – 500, ал жаңа үлгідегі аялдама – 838. Осыған байланысты, ағымдағы жылы қала аумағын толық аялдама павильонымен қамтамасыз ету үшін қажетті аймақтарға 398 аялдама орнату және 500 ескі аялдаманы жаңалау жоспарланды. 2024 жылдың ІІІ-ші тоқсанында 898 жаңа аялдама павильондарын орнату жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қаланың орталығында орналасқан 200 аялдамаға атауларын орнату жұмыстары іске асырылуда.

Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шқ. құрайды.

Оның ішінде асфальтбетонды жабындысы – 2312,3 шақырым, шағал тас – 831,4 шақырым, топырақ жолдар - 103,9 шақырымды құрайды.

Жыл соңына дейінжолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылы Шымкент қаласының жол желісін дамыту 47 нысанды немесе 159,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарын қамтиды.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз бойынша 450 шақырым жолдарды таңбалау жұмыстары, 85 000 м2 шұңқырларды жамау, тегістеу қабаттарын салу, тротуарларда пайда болған ақауларды жою жұмыстары 296 бағдаршам нысанын, 16 500 дана жол белгілерін күтіп ұстау, 16 дана жаңа бағдаршам орнату, 4000 дана жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылы 800 метр жасанды жол кедергілер орнатылған.

Жол қиылыстары мен көлік өткізу қабілетін арттыру мақсатында жыл соңына дейін 190 бағдаршам нысанында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоспар бойынша 2026 жылға қарай қаладағы барлық бағдаршамдар толық интеллектуалды көлік жүйесі ITS-ке қосылады.

Жаңа әуежай терминалының құрылысы «ЅСАТ» АҚ инвестициялары есебінен іске асырылуда. Терминалды іске қосу жолаушылар ағынын сағатына 200-ден 2000-ға арттырып, ал өткізу қабілетін жылына 10-12 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ терминалдың ішін 7 аймаққа бөлу арқылы жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

Жаңа жолаушылар терминалы келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

– 2000-нан астам жұмыс орнын құру;

– Халықаралық бағыттардағы маршруттық желілерді дамыту;

– Шетелдік әуе тасымалдаушылар мен инвестицияларды тарту;

– Әуе жүк тасымалын дамыту;

– Туристік сервисті дамыту үшін тартымды имидж жасау.

Бөлісу