Шымкентте зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің Халықаралық 16 күндік акциясы аясында Шымкент қаласының полиция департаменті, Жастар ресурстық орталығы және Тұран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия бірлесе отырып, флешмоб ұйымдастырды.
Флешмобтың басты мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және бұл мәселеге жастардың назарын аудару болып табылады.