ШЫМКЕНТ: ​ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА АЭС МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
120

АЭС тақырыбында баяндама оқыған профессор Рамиль Илясов АЭС жұмысын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, халық арасындағы атомға байланысты орын алған қорқыныш пен үрейден арылу керектігін айтты.


ШЫМКЕНТ: ​ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА АЭС МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚУ- да Президент Жолдауы насихатталды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Басқосуда Жолдаудағы айтылған мәселелер сөз болып, оның ішіндегі негізгі мәселе Қазақстанда АЭС салу туралы айтылды. Жиын барысында баяндамашылар АЭС-ті пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне және оның еліміздің энергетикалық секторын дамыту үшін маңыздылығына тоқталып, бұл құрылыстың болашақ үшін қажеттіліктен туындағанын жеткізді. Сондай-ақ, бүкілхалықтық референдум өтетіні де айтылды.
- Президентіміз АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу қоғамда бір жылдан бері талқыланып жатқанын айтып, бұл «азаматтардың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім» деген болатын. Соған байланысты референдум 6 қазанда өтетіні белгілі болды. Енді ел болып, белсенділік көрсетіп, сол референдумға атсалысайық, - деді Сәрсен Абайұлы.
АЭС тақырыбында баяндама оқыған профессор Рамиль Илясов АЭС жұмысын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, халық арасындағы атомға байланысты орын алған қорқыныш пен үрейден арылу керектігін айтты. Сондай-ақ, оқу орнының ғалымдары АЭС энергиясы тұрақты және экологиялық қауіпсіз екендігін, әлемде атом стансалары дамыған технологиямен салынғанын алға тартып, пікірлерін айтты. Сөз арасында осы бағытта жұмыс істейтін мамандардың да тапшылығы айтылып, білікті мамандар дайындауды қолға алу керекті сөз болды.
Жиын соңында Жолдауды насихаттауға жиналғандар референдумның ашық та, әділетті өтуіне атсалысатындықтарын жеткізді.
Бөлісу