Онда 17 КТ және 30 рентген апараты бар. 6 ПТР зертханасы жұмыс істейді. Ол жерде тәулігіне 2500 тест қабылдайды.
Шымкентте індет жұқтырған науқастарды қабылдайтын 13 диагностикалық орталық ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Онда 17 КТ және 30 рентген апараты бар. 6 ПТР зертханасы жұмыс істейді. Ол жерде тәулігіне 2500 тест қабылдайды.
Медицина мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қосымша 282 ИВЛ алынып, жалпы саны 612-ге жетті. Жаңа 3 оттегі станциясы мен 9 сұйық оттегі резервуары қондырылды.
Қалада екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталған.
Жедел жәрдем бойынша жаңа call-center іске қосылды. Шақыру қабылдау линиясы9-дан 28-ге өсіп, операторлар саны 3 есеге артты. Жалпы қалада 127 жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр. Күніне 96 көлік шақырту бойынша тұрақты шығады. Бір көлік тәулігіне 20 шақыртуға дейін барады.
Қыркүйек айында медицина ұйымдарының өзара әрекет алгоритмі пысықталып, 3 рет оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт ішінде 10 164 медицина маманы коронавирус инфекциясымен күрес бойыншаарнайы оқудан өтті. Оқуды онлайн форматта еліміздің және Ресейдің үздік деген мамандары жүргізді.Одан бөлек қалада 335 медицина маманы комиссия қортындысы бойынша арнайы өтемақы алды.
Сондай-ақ, соңғы тәулікте 4 бала COVID-19 вирусын жұқтырды. Жалпы осы уақытқа дейін 5207 адам індетке шалдықса, оның 5108-і емделіп шықты.
Пневмония бойынша, 1 тамыздан бері 878 адам тіркелсе, соңғы тәулікті 9 адам қосылды.
Айта кетейік, ЖРВИ бойынша, Вакциналау 14 қыркүйектен басталып, 15 қазанда аяқталады. Қазір 126 314 адамға екпе салынды. Ол қаланың 97 % құрайды. Елдегі вирусты жағдай вакцинаға деген сенімді арттырды, дейді сала мамандары.