​Шымкентте 150 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды

0
154


​Шымкентте 150 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды

Бүгінгі таңда Шымкентте 57 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді.

Емханаларға тіркелген халық саны 1 243 847 - адамды құрайды.

Емдеу мекемелерінің барлығы МӘМС шеңберінде медициналық қызметті жеткізуші болып саналады және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге міндетті.
МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын кеңейткен.
Атап айтқанда, Шымкентте жыл басынан бері 150 мыңнан астам науқасқа амбулаториялық тегін дәрі -дәрмек 100-ден астам нозология бойынша босатылды.
Сондай-ақ қалада жыл басынан бері 1000-нан астам жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген.
Медициналық көмек түрлері ішінде сұранысқа ие түрінің бірі ретінде бүйрек диалиізін атап өтуге болады. Мәселен, МӘМС шеңберінде бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға жалпы соммасы 3 млрд. теңгеден астам қаражатқа биылғы жылы 80 мыңнан астам қызмет көрсетілген.
Осы және өзге де мәліметтер туралы ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Беденнің “Ontustik” телеарнасының “Денсаулық” бағдарламасында берген сұхбатында.
Бөлісу