Жыл басынан бері тұрғын үй кезегіне 11280 адам құжат тапсырған.
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов 10 айда атқарылған жұмыстарының есебін баяндады. Жалпы 2020 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша басқарманың бюджеті 2 790 641,3 мың теңгені құрап, қаржы толық игерілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны – 40 752 азамат. Оның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1663, көпбалалы отбасылар – 6129, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 13576, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 19357, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар санаты – 27.
Жыл басынан бері тұрғын үй кезегіне құжат тапсырғандар – 11280. Кезекке тіркелгендері – 4530.
2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында арендалық тұрғын үй бағыты бойынша 1596 пәтер берілді. Ұлы отан соғысы ардагерлері – 2, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 48, көпбалалы отбасылар – 450, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 192, жұмыс істейтін жастар – 904.
Сондай-ақ, азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары орындалды. 2020 жылы тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар (отбасы мүшелерімен бірге) бойынша 118 678 өңдеулер (корректировка) жүргізіліп, иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елді-мекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу себептерімен 4456 азамат тұрғын үй алу тізімінен шығарылды.