Науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылды.
Шымкентте 16 төтенше жағдай қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Өкінішке қарай, барлық қабылданған шараларға қарамастан, КВИ диагнозы расталған шымкенттіктердің саны артып келеді. 21 сәуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша қаламызда аталған індетті жұқтырғандар саны 103 адамға жетті. Белгілі болғаны, кеше анықталған 23 науқастың 16-сы - төтенше жағдай қызметінің өкілі. Науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылды. Бұл дегеніміз - вирусты инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары топқа дәрігерлер, полицейлер мен әскери қызметкерлерден бөлек құтқарушылар да еніп отырғанын көрсетеді. Соған қарамастан қаланың барлық өрт сөндіру бөлімдері, соның ішінде 101 және 112 қызметіндегілер штаттық режимде жұмыс істеуде» делінген хабарламада.