Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді

0
893

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Шымкент қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, 6 ақпан күні сағат 19:02-де жер сілкінісі тіркелген. Оның кіндік нүктесі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 628 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.7. MPV магнитудасы 5.4. Кіндік нүктесінің координаттары 42.72°С. Е. 69.24°ш. б. тереңдігі 5 км сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша). Шымкент қаласында 2-3 балл шамасында сезілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат жоқ.