Шымкентте 32 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына қатысты

0
338


 Шымкентте 32 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына қатысты

Қала халқының табысының артуына байланысты, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылар саны 30,4 пайызға азайды.

Қаламызда бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Биыл 8 227 отбасындағы 42 866 адамға атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы дейінгі балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем 14 329 балаға төленді.

Халықты жұмыспен қамтудағы негізгі мәселе – жұмыссыздық деңгейін төмендету. Былтырғы жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, оған 73 984 адам қатысқан. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9% құраған. Ал, осы жылдың басынан бері жұмыссыздык 4,8 пайызды құрап отыр. Биыл жұмыспен қамту шараларына 56 962 адамды қатыстыру көзделген, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 32 128 адам қатысты. 2024 жылдың ІІ тоқсандағы жағдаймен жұмыссыздық деңгейі 4,8%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1% (жоспар 3,7%), құрап отыр.
Бөлісу