Шымкентте 450 шақырым көшеге жол таңбалары сызылады

0
702

Оның ішінде 250 шақырым жол таңбалары термопластикпен сызылады.


Шымкентте 450 шақырым көшеге жол таңбалары сызылады

Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 250 шақырым жол таңбалары термопластикпен сызылса, қалған 200 шақырымы акрилді бояумен сызылады.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді.
Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 3200 шақырымнан астам көше болса, соның 1500 шақырымы жол таңбаларын сызуға жатады. Биыл соның 450 шақырымын жаңартуға қала бюджетінен 340 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Негізінен орталықтағы магистралды көшелерге 250 шақырым жол таңбалары термопластикпен сызылады. Қолданыстағы стандарттар бойынша оның қызмет ету мерзімі 6 айды құрайды. Яғни, бұл таңбалар акрилді бояуға қарағанда 2 есе ұзақ сақталады, – дейді Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Ілесов.
Оның айтуынша, көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін жол таңбалары түнгі мезгілде сызылып жатыр. Бүгін Желтоқсан көшесінің бойында осындай жұмыстар жүргізілді. Ал, жалпы осы күнге дейін барлығы 35 шақырым көшенің таңбалары жаңартылып үлгерген. Мамандардың айтуынша, ауа райының және қоршаған ортаның әсеріне байланысты таңбалар тозған жағдайда күз айларында ішінара қайта сызылуы мүмкін.