51 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен 11,5 млрд.теңге бөлінді.
Шымкент қаласында алдағы 5 жылда 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нәтижесінде, 3 мыңға жуық көп балалы отбасы және әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтар баспанамен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Бұл жұмыстар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы негізінде жүзеге асырылады.
2021 жылы осы жұмыстарды бастауға 51 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 11,5 млрд.теңге қарастырылды.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық қаржы көздерінен 1,2 миллион шаршы метрді құрайтын 204 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.