«QazaqGaz Aimaq» АҚ пилоттық жобасы аясында, Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін алушылар газға ай сайынғы жеңілдікті «Әлеуметтік әмиян» қызметіндегі eGov Mobile қосымшасы арқылы ваучер түрінде ала алады.
Ыңғайлы болу үшін тұтынушылар өтініште тек тұрғылықты мекен жайының есеп шотын көрсету қажет. Тұрғын үй құжаттары ұсынылмайды. Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-на дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік әкімдікпен бекітілген тұтыну нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек.
Айта кетерлігі, пилоттық жоба бес ай ішінде жүзеге асырылады. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылуда, онда Мемлекет басшысы азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өткен болатын.
Толық ақпаратты және бейне нұсқауларды «QazaqGaz Aimaq» АҚ сенім телефоны (қысқа нөмір 5169) немесе aimaq.kz сайты арқылы алуға болады.