​Шымкентте әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған азаматтың соты басталды

0
1 999

Ол "Вконтакте" әлеуметтік желісінде ұлтараздыққа шақыратын аудио және видеолар таратып отырған.


​Шымкентте әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған азаматтың соты басталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында әлеуметтік желілерде терроризмге үндеген жазбаларды белсенді бөлісіп, ел арасына іріткі салар жазбаларыүшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтың соты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

29 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны «ВК» әлеуметтік желісіне Мүслім Мүслімов деген фейк атпен тіркеліп, 2014 жылдан әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни алауыздық туғызатын жазбалармен бөлісіп отырған.

«Вконтакте» желісінде Бағдат Ділмұрат абу Мұхаммадтың ұлтараздық дүрдараздыққа шақыратын аудио және бейне посттарын таратуға сеп болған. Сотқа дейінгі тағайындалған психологиялық және филологиялық, яондай діни арнайы сараптамалар сотталушының кінәсін дәлелдеп берген.

Оның қоғамға келтірер қаупін біле отырып, саналы түрде жазбаларды таратқаны анықталған. Сотталушыға ҚР ҚК нің 174 бабы 1-ші бөлігімен, яғни телекоммуникация желілері арқылы діни дүрдараздықты насихаттағаны үшін айып тағылып отыр.

Айта кетейік, сотталушы бұрын-соңды сотты болмаған.