Мас ер адам автобус жүргізушісін соққыға жыққан.
Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, оқиға орнында әйел адамға соққы тиіп қайтыс болған.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз хатшысы.
Соққыға жығылған автобус жүргізушісінің жағдайы тұрақты. Қазір стационарлық ем қабылдап жатыр.
Күдікті қамауға алынып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.